Бұл туралы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Тілеухан Әбілдаев айтты, - деп хабарлады Tengrinews.kz.
Екі жасар қыздың жағдайы орташа ауыр екені айтылады.
"2018 жылғы қызда жөтел бар, рентген оң жақты пневмония екенін көрсетті", - деді алматылық дәрігерлер.
Еске салайық, мұның алдында екі жасар қыздың және анасының коронавирус жұқтырғаны хабарланған еді.
Соңғы мәліметтер бойынша, Қазақстанда коронавирус жұқтырғандардың саны 49 адамға жетті.