Бұл облыс басшысының баспасөз қызметі хабарлады.
"Бүгін, 10 ақпанда аппарат кеңесі барысында Алматы облысының әкімі Амандық Баталов оның орынбасары Бағдат Мәнізоров өз еркімен қызметінен босатылғанын мәлімдеді", - деді баспасөз қызметінің өкілдері.
Мәнізоров 1962 жылы Талдықорған облысы Куйбышев ауылында туған. Еңбек жолын 1985 жылы кооперация органдарында бастаған. 2008 бен 2017 жылдарда Алматы қаласы Алатау ауданының әкімі лауазымын атқарған Бағдат Мәнізоров, 2019 жылы шілдеде Алматы облысы әкімінің орынбасары қызметіне тағайындалған болатын.
Алайда қыркүйекте оның ұсталғаны туралы мәлімет шықты. Ол қызметтік өкілеттілігін пайдаланып, аса ірі көлемде алаяқтық жасады деген күдікке ілінген. Әріптестері оның адал қызметкер және сауатты басшы екенін айтқан. Осы оқиғадан соң Мәнізоров алдымен ақысыз демалысқа, кейін денсаулық жағдайына байланысты демалысқа кеткен болатын.
2019 жылы қазанда шенеуніктен барлық айып алынды. Кейін ол жұмысқа қайта қосылған.
This section (Read Next) requires plugin WP Post Blocks installed and activated