Алматы қаласындағы жастар арасында спартакиада ойындары өтті

Жарыстың мақсаты - жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттау жұмыстарын арттыру; жастарға түрлі спорттық ойындар арқылы мотивация беру; салауатты өмір салтын сақтайтын жастарды ынталандыру; жастарды спортқа шақыру.

Спартакиадаға 26 команда қатысты. Қатысушы команда құрамы 10 адамнан яғни, 5 ұл + 5 қыздан құралды.

Бір күндік спартакиада ойындары 7 түрлі сайыстан тұрды. Олар:

Гір тасын көтеру (16кг)

 Арқан тарту

Турникке тартылу

Жерден көтерілу (отжимания)

Эстафета (триатлон)

Сайыс жеңімпаздары ұпай саны негізінде анықталды. Ойында кәсіби төрешілер төрелік етті.

Бірнеше сағатқа созылған турнирдің жеңімпазы  "Абай" командасы атанып, 150 000 мың теңге қаржылай сыйлықпен марапатталды.

Ал екінші орынды "ФизМат", үшінші орынды "Қайсар" командалары қанжығаларына байлады. Аталған жарыс жеңімпаздары 100 000 мың және 50 000 мың теңге қаржылай сыйлықтармен марапатталды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

*

This section (Read Next) requires plugin WP Post Blocks installed and activated