Адам құқықтары: жастар не білуі тиіс?

Басқосуға қоғамдық пікір көшбасшылары, Кайнар академиясының және колледжінің студенттері мен Кайнар колледжінің директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Тлеуов Тілеубек Мұратұлы қатысты. Жиын барысында «Адам құқығы» ұғымына сипаттама беріліп, студенттер тарапынан сұрақтар да қойылды.

Адам құқықтары — адамның өз мүдделерін заң шеңберінде жүзеге асыру мүмкіндігі. Адам құқылары табиғи және әлеуметтік болып екіге бөлінеді. Табиғи құқықтар дегеніміз — адамның тіршілік етуінен туындайтын (мысалы, өмір сүру, еркіндікке жету, жеке басына тиіспеушілік т. б.) құқылары.

Әлеуметтік құқылар дегеніміз — адамның мемл-пен өзара әрекеті процесінде пайда болатын (мысалы, білім алуға, еңбек етуге, бақуатты өмір сүруге, азаматтық алуға, сот әділдігіне жүгінуге, еркін жүріп-тұруға, мүліктерді иеленуге) құқықтары. Адам құқықтарының қағидалары ұлттық деңгейде Конституцияда (Қазақстан Республткасының Конституциясы, 10-39 баптар) және заң актілерінде (мысалы, Азаматтық Кодексте, Қылмыстық Кодексте, жарлықтарда, арнаулы заңдарда) қарастырылады.

Осы тұрғыда студенттер адам құқтарының қаншалықты қорғалып жатқандығы мен жастар білуі тиіс заңдарды ортаға салып, жиын соңы сұрақ-жауаппен аяқталды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

*

This section (Read Next) requires plugin WP Post Blocks installed and activated