Фото: Dmitri Franchuk

Бұл сериядағы көліктерді ұлы ақын Абайдың мерейтойына арнауды жөн санадық, - дейді “АЗИЯ АВТО” зауытының бас директоры Ерік Сағымбаев.

Әрбір автомобильде ағартушының өлеңдері мен қара сөздері бар кітап пен Abai175 белгісі жапсырылған, - деп жазады kazaknews.kz.

Компания басшысының айтуынша, қазіргі таңда LADA Granta маркалы 500 машинада Abai175 жапсырмасы бар. Зауытта бұл модельді “халық көлігі” деп атайды.

Фото: Dmitri Franchuk

Өткен жылдың басында “Қолжетімді көлік” бағдарламасын жолға қойдық. Соның негізінде қазақстандықтар үшін 2 820 000 теңгеге су жаңа көлік алатын мүмкіндік туды.  Abai175 жүйелі тексерістен өткен соң шамамен ақпан айының соңында сатылымға шығады, –  деді Ерік Сағымбаев. 

“АЗИЯ АВТО” бас директорының айтуынша 2019 жылдың қорытындысына қарағанда LADA Granta жергілікті көлік өндірісінде ең танымалы. Ал өткен жылы осы маркадан 5000 көлік сатылған.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

*

This section (Read Next) requires plugin WP Post Blocks installed and activated