5 жылға жалға берілетін баспананы алғысы келетін жастар қандай құжаттарды өткізуі керек?

Толыққанды құжаттар тізімін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Жастар және отбасы істері комитетінің төрағасы Мадияр Қожахмет айтып берді.

Өтініш беруші сатып алу құқығынсыз жалға берілетін баспананы алу үшін төмендегі құжаттарды ұсынуы тиіс:

  1. Үлгіге сәйкес нысан бойынша өтініш;
  2. Өтініш берушінің жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі (түпнұсқа жеке басын сәйкестендіру үшін ұсынылады);
  3. Білімі туралы құжаттың көшірмесі;
  4. Неке қию туралы куәліктің көшірмесі (бар болса);
  5. Балалардың туу туралы куәлігінің көшірмесі (бар болса);
  6. Өтініш берушіге және отбасының барлық мүшесінде жылжымайтын мүліктің бар-жоғы туралы анықтама;
  7. Жұмыс орнынан анықтама;
  8. Өтініш берушінің ай сайынғы табысын кемінде 40 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде растайтын соңғы алты ай ішіндегі табысы туралы анықтама;
  9. Еңбек кодексінің 35-бабына сәйкес еңбек өтілін растайтын құжаттар;
  10. Банк шотының болуы және нөмірі туралы анықтама, есепшоты бойынша ақшаның қалдығы, қозғалысы туралы үзінді;
  11. Өтініш берушінің түрлі қызмет саласындағы жеке жетістіктерін растайтын құжаттар (бар болса);
  12. Тұрғылықты жері бойынша соңғы 2 жылдан кем емес тұрақты тіркелуін растау;
  13. Өтініш берушінің, жұбайының, кәмелетке толмаған балаларының өтініш берер алдында 2 жыл ішінде меншік құқығындағы тұрғын үйдің, сатып алу құқығымен жалға берілетін тұрғын үйдің болмағанын растау.

Құжаттар қабылданғаннан кейін уәкілетті орган оның бәрін тексеріп, толықтығы мен сәйкестігін қарайды. 

"Осыдан кейін ұпайларға сәйкес санақ жүргізіліп, жалдамалы пәтер берілетін жастардың тізімі бекітіледі. Бұл тізімге ұпайларды есептеу кезінде өтініш берушінің кәсібі, отбасылық жағдайы, жеке кәсіпкерлік қызметі, бюджеттік қызметтерде жұмыс істеуі, шоттарының жинақтары ескеріледі. Балдары тең жағдайда өтінішті бірінші тапсырған жастарға басымдық беріледі. Сонымен бірге, негізгі талаптардың бірі – жастар табысы 40 АЕК-тен төмен болмауы керек. Мысалы, жалдамалы пәтер үшін жас жігіт 10-12 мың, оған қосымша коммуналдық шығындар үшін тағы 10-15 мың теңге төледі делік. Оның айлығы 110 мың теңге болса, яғни, ол жалақысының жартысының жартысын банкте бастапқа жарна ретінде жинай алады", - деді Мадияр Қожахмет.

Аталмыш бағдарлама бойынша биыл Нұр-Сұлтанда - 1050 пәтер, Алматыда - 1050 пәтер, Шымкентте - 904 пәтер беріледі. Уәкілетті орган сатып алу құқығынсыз жалға берілетін тұрғын үйді беру туралы шешім қабылдаған соң 15 күнтізбелік күн ішінде тұрғын үйді жалдау туралы шарт жасалады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

*

This section (Read Next) requires plugin WP Post Blocks installed and activated