"Биіктіктегі барикалық жыра арқылы Оралдан түсіп жатқан суық және ылғал ауа және онымен байланысты атмосфералық фронттар Қазақстанға әлі де ықпалын тигізуді жалғастыруда. Сондықтан алдағы үш тәулікте жаңбыр, оңтүстік және оңтүстік-шығыста найзағаймен және республиканың көптеген облыстарында аталған аралыққа төмен ауа температурасы сақталады", - делінген хабарламада.
Солтүстік, орталық және шығыс аймақтарда 3 градусқа дейін үсік күтіледі. Республиканың тек батысында антициклонмен жауын-шашынсыз ауа райын сақталып, оның шығыс бағытта жылжуымен Қазақстанның оңтүстік және оңтүстік-шығысында да жаңбыр басылады.