Айту да, есту де қиын...
Кенесары ханды сатқан қырғыздар емес Рүстем мен Сыпатай.
Кіші жүз ханы Әбілқайыр Ресейге қарсы соғысып жүргенімен, орыстан емес қазақ ханы Барақтың қолынан көз жұмды.
Махамбетті өлтірген орыстар емес, екі қазақ Ықылас пен Төрежан.
Сырым Датұлының өліміне тікелей кінәлі қазақ ханы Айшуақ.
Шәкәрімнің жасына қарамай атып өлтіргеніне қарамастан, құдыққа денесін лақтырған қазақ Қарасартов.
Алаш арыстарының атына арыз жазған қазақ Әбілқайыр Досов.
Илияс Жансүгіровтің атына арыз жазып абақтыға қамаған қазақ Мұхаммеджан Қаратаев.
Талай қазақты ботадай боздатқан Мәскеу жандайшабы Әліби Жангелдин.
Әркезде қазақты сатқан, жауға жығып берген өзге біреу емес өз қазағы.
Өкініштісі әлі де, бұл әдет қалмаған секілді..
Айгүлжан Болатқызының Фейсбук парақшасынан
Aqnews.kz