Ресейде Путинград қаласы пайда бола ма?

Архангельск қаласының бұрынғы әкімі Александр Донской қалаға Путинград деген атау беруді ұсынды. Ол "Газета.Ru" басылымына берген сұхбатында Владимир Путиннің өмірбаяны мен қала арасында ешқандай байланыс жоқ екенін, қала атауын Путинград деп өзгерту аймаққа инвестиция мен турист тарту үшін ғана қажет екенін айтты.

"Мәселе мынада, байланыс (Путинмен) жоқ. Президент бізде тумаған, оқымаған, өмір сүрмеген, бұл - қала үшін үлкен кемшілік. Менің идеям мынадай: кемені қалай атайсың, ол солай жүзеді. Өкінішке қарай, Архангельск үнемі күйреп тұрған қала. Кейінгі жаңалық, қала әкіміне нашар жол үшін 2 миллион рубль айыппұл салынды. Қала ескі, апаттық жағдайдағы тұрғын үйлердің саны бойынша көшбастап тұр. Менің ойымша, қала Путин аталса, бұл қалаға инвестициялар тартуға, Архангельск қаласын дамыту бағдарламасын жүзеге асыруға және туристерді тартуға мүмкіндік береді. Мұндай атауы бар қалада шенеуніктер, депутаттар нашар жұмыс істей алмады", - деді Донской.

Журналистер Архангельск әкімшілігінің баспасөз қызметінен идеяға түсінік беруін сұрағанда, олар тіпті оны қарастырмайтындарын айтқан. Олар қаланың "маңызды проблемалары" бар екенін түсіндіріп, тіпті бұл ақпаратты байқамағандарын жеткізген.

Aqnews.kz

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

*

This section (Read Next) requires plugin WP Post Blocks installed and activated