Путин: Екі кішкентай қызым бар, еріксіз такси болып қызмет еттім

Ресей Федерациясының президенті Владимир Путин 90-жылдары жолаушыларды тасымалдаушы жұмыс істегенін айтты. Бұл туралы ол ресейлік телеарнада трейлері жарияланған "Новый история" фильмінде мәлімдеген. 

"Кейде маған қосымша қаржы табу үшін жолаушыларды тасмыалдауға тура келетін. Бұл туралы айту жағымсыз, бірақ, өкінішке орай ондай болды", - дейді Кремль басшысы.

2018 жылы Бүкілресейлік мемлекеттік телерадиохабар тарату компаниясының саяси бақылаушысы, Путиннің сайлауалды штабының баспасөз хатшысы, Андрей Кондрашовтың фильміне берген сұхбатында да ол жайлы айтқан еді. Путин 90-жылдары Собчактың көмекшісі болған, ал Собчак Петербургтың мэрі еді.

"Мен не істесем болады, мүмкін такси болып, ақша табатын шығармын деп те ойландым. Қалжыңдап тұрғаным жоқ, рас айтам. Екі кішкентай балам болды. Сондықтан маған Мәскеуге келіп, жұмыс істе дегендей ойланбастан бардым", — дейді Путин.

Aqnews.kz

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

*

This section (Read Next) requires plugin WP Post Blocks installed and activated