Президент Қазақстанның азық-түлік қауіпсіздігі қалай қамтамасыз етілетінін айтты

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ресей президенті Владимир Путин Қазақстан мен Ресейдің XIX Өңіраралық ынтымақтастық форумының пленарлық отырысына бейнебайланыс режимінде қатысты. Тоқаев форумға қатысушылардың назарын бірқатар өзекті мәселеге аударды, деп хабарлайды Aqnews.kz.

Қасым-Жомарт Тоқаев ең әуелі Қазақстанның аграрлық секторын индустрияландыру мәселесіне тоқталып, үш жылда агроөнеркәсіп кешеніндегі қайта өңделген өнім үлесін 70%-ға дейін арттыру міндеті жүктелгенін айтты.

"Бұл міндетті орындау үшін әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының импортқа тәуелділігін төмендетуге бағытталған ірі инвестициялық жобалар жүзеге асырыла бастады. Алдағы жылдары 115 тауарлы сүт фермасы салынады. Бұл сүт өндіру көлемін 600 мың тоннаға арттыруға мүмкіндік береді", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Мемлекет басшысы сонымен қатар жылына 120 мың тоннадан астам ет өндіретін 15 ірі құс фабрикасын пайдалануға берілетінін айтты.

"Алдағы бес жылда Қазақстанның агросекторында жалпы сомасы 2,7 триллион теңге болатын 900-ге жуық инвестициялық жобаны іске асыру жоспарланып отыр. Озық халықаралық стандарттарға, соның ішінде "Халал" стандартына сай әрі бәсекеге қабілетті, экологиялық таза және экспортқа бағдарланған өнім шығаруға баса мән беріледі".Тоқаев

             Ақпарат Zakon.kz. сайтынан алынды.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

*

This section (Read Next) requires plugin WP Post Blocks installed and activated