Премьер-министр Ұлытау облысының әкіміне тапсырма берді

Ұлытау және Батыс Қазақстан облыстарында "Ауыл - ел бесігі" ұлттық жобасына бөлінген қаржыны игеру және жобаларды іске қосу деңгейі төмен. ҚР Премьер-министрі Әлихан Смайылов Үкімет отырысында аталған өңір әкімдеріне нақты тапсырма берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Ауыл - ел бесігі" жобасын іске асыру үшін ауқымды жұмыстар атқарылып келеді. 2027-жылға қарай әлеуеті жоғары 3,5 мың ауылдың бәрін өңірлік стандарттар жүйесіне сай дамыту жоспарланып отыр.

Оған сәйкес, ауылдарда сапалы жолдар мен мәдениет, спорт және денсаулық сақтау объектілері, мектептер міндетті түрде болуы тиіс, сондай-ақ ауыл инфрақұрылымын дамытуға баса мән беріледі. Біздің басты мақсатымыз - ауылдағы өмір сапасын жақсарту", - деді Премьер-министр.

Оның айтуынша, ауылдарды дамытуға бағытталған шаралардың нақты нәтижесі көңіл көншітпейді.

"Өткен жылдары "Ауыл - ел бесігі" жобасы шеңберінде тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық, көлік, білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет және спорт салалары бойынша жалпы құны 326 миллиард теңге болатын 3,6 мың жоба іске асырылды.

Атырау, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Түркістан облыстарында бөлінген қаражатты игеру және жобаларды пайдалануға беру қарқыны жақсы.

Ал, кейбір өңірлерде бұл жұмыс ақсап тұр. Мәселен, Ұлытау және Батыс Қазақстан облыстарында қаржыны игеру және жобаларды іске қосу деңгейі төмен. Аталған өңір әкімдері "Ауыл - ел бесігі" жобасын іске асыруға ерекше назар аударуы тиіс. Әсіресе, жобалардың уақытылы орындалуын қатаң бақылауға алу керек", - деді Әлихан Смайылов.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

*

This section (Read Next) requires plugin WP Post Blocks installed and activated