Астана полициясы отбасын үйінен қуып шыққан шулы бейнеден кейін тергеу жүргізілгені туралы хабарлады, - деп хабарлайды Aqnews.kz ақпараттық агенттігі "Tengrinews.kz"-ке сілтеме жасап.
Құқық қорғау органдарының мәліметінше, отбасы-тұрмыстық қатынастар саласындағы құқыққа қайшы әрекеттер фактісі бойынша азаматтың бұрынғы жұбайы А. - ға қатысты әкімшілік іс қозғалды.
"Ол уақытша ұстау бөлмесіне орналастырылған. Материал сотқа жіберілді. Сонымен қатар, дене күшін қолдану фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды", - деп хабарлады полиция.
Полиция қызметкерлерінің іс-әрекеттеріне қатысты қызметтік тексеру басталды.
Еске салайық, бұған дейін Дана Әтешова бұрынғы күйеуі, Шымкенттің экс-әкімі Мұрат Әйтеновтің ағасы Марат Әйтеновтің өзін балаларымен бірге үйінен күштеп қуып шыққанын мәлімдеген болатын.