Қалалық ПД әкімшілік полиция басқармасының келісімі бойынша Қосшы тас жолының жол төсеміне жөндеу жүргізілуде, деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты.
Жөндеу жұмысына байланысты 16-19 қазан аралығында Қосшы тасжолы бойынша ипподромнан «Астана қаласын айналып өту» автомобиль жолына дейінгі учаскеде көлік қозғалыс ішінара жабылатын болады.
Елорда тұрғындары мен қонақтары қала жолдарында кептеліс тудырмас үшін қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлауы қажет.