Бұл туралы ТАСС хабарлады.
Миланович берілген дауыстардың 54%-ын алды, ал оның қарсыласы - республиканың қазіргі президенті Колинда Грабар-Китарович 46% дауыс жинаған, делінеді.
Колинда Грабар-Китарович саясаттағы сәнді киінетін әйел ретінде әлемге танымал еді.
Бірнеше жыл бұрын Колинданың демалыс кезінде бикинимен түскен суреті әлемдік БАҚ-тарда тараған. Толықтау денелі Грабар-Китаровичтің тартымды мүсініне талай адам тамсанған.