Олигархтардың лоббиі: депутат Су ресурсатры министрлігін айыптады

Мәжіліс депутаты Бақытжан Базарбек су ресурстары және ирригация министрлігі елдің су кодексіне халыққа қарсы нормаларды енгізуге тырысқан деп мәлімдеді, деп хабарлайды Aqnews.kz ақпаратттық Ulysmedia агенттігіне сілтеме жасап.

Оның айтуынша, министрлік заң жобасының үкіметтік нұсқасында мәслихаттарға коммуналдық меншіктегі су шаруашылығы құрылыстарын жалға беру және сенімгерлік басқару қағидаларын өз бетінше бекітуге мүмкіндік беретін норманы енгізуге тырысқан.

Мәжілісмен бұл түзетудің сыбайлас жемқорлық сипаты бәрі және ол халыққа қарсы деп атады.

– Басқаша айтқанда, егер біз осы түзетуді қабылдасақ, онда мәслихаттар жергілікті олигархтардың мүдделерін қолдай отырып, әкімдіктердегі жемқор шенеуніктердің пайдасына ереже жазып, су қоймаларын, бөгеттерді және басқа да су шаруашылығы құрылыстарын иеліктен шығара алар еді, — деді ол.

Депутат егер мұндай норма су кодексінде қабылданса, онда халық зардап шегетінін, ал олигархтар су нысандары құрылыстарын алып, демалу және балық аулау үшін халықтан ақы алуы мүмкін еді деп атап өтті.

Еске сала кетейік, бұған дейін Мәжілістің тағы бір депутаты Асхат Аймағамбетов Денсаулық сақтау министрлігіне қатты сын айтқан болатын.

This section (Read Next) requires plugin WP Post Blocks installed and activated