Қазақ тіліне аударылған «Ойжұмбақ 2» анимациясын алғашқы күндері жақсы қаралып жатыр, деп хабарлайды Aqnews.kz.
«Қазақ тілі» қоғамының президенті, Ұлттық құрылтайдың мүшесі Рауан Кенжеханұлы алғашқы күнгі қаралым нәттжесі бұған дейін қазақ тіліне аударылып көрсетілген Аватар (су жолы) фильмінің көрсеткішінен 3 есе жоғары екенін әлеуметтік желіге жазды. “Аватар: Су жолы” 18 ай бұрын шыққан.
– Яғни, бір жарым жылда қазақша кино қарауға ықыласты қауым үш есе өскен. Қуанып қалдық, – дейді ол.
Дегенмен де, әлі жеткіліксіз. Орысша қатар көрсетіліп жатқан "Головоломка-2"-нің қаралымы қазақшасынан 10 есе артық. Қазақстан кинотеатрларында бүгін жалпы саны 244 көрсетілім жоспарланған.
Disney мен Pixar компаниялары «Ойжұмбақ 2», Disney студиясы «Моана 2», «Муфаса: Арыстан патша» анимациялық фильмдерін өз қаражатына қазақ тіліне аударды. Анимациялардың алғашқы аталғаны жақын арада прокатқа шығады.
Осы айдан бастап көруге болады. Disney және Pixar студиясының «Ойжұмбақ 2» анимациялық фильмінде көрермен бой жетіп қалған Райлимен қайта қауышады.
Режиссёр Пит Доктер мен продюсер Джонас Ривераның 2015 жылы шыққан бірінші «Ойжұмбағы» үздік толық метражды анимациялық фильм ретінде екі бірдей жүлде – Оскар» мен «Алтын глобусқа» ие болған. «Ойжұмбақ 2» эмоцияға толы шытырман оқиғасы кинода 2024 жылдың жазынан бастап көрсетіледі