Оңтүстік Корея қазақстандықтарды жұмысқа қабылдай бастайды
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мен Корея Республикасы Еңбек және жұмыспен қамту министрлігінің өкілдері онлайн-форматта келіссөздер жүргізіп, олардың барысында Қазақстанды Оңтүстік Кореяның Employment Permit System жүйесіне қосу мәселесін талқылады.
"Бұл қазақстандықтарға Оңтүстік Кореяда заңды түрде жұмыс табуға, сондай-ақ оларға тең еңбек жағдайлары мен құқығын қорғауға мүмкіндік береді", - деп атап өтті Еңбек министрлігі.
Кездесуде Еңбек министрлігінің Көші-қон комитетінің төрағасы Асқарбек Ерсаев Қазақстанда Employment permit System жүйесі шеңберінде Корей даярлау орталығын ашу бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы айтты.