Әнуар Жанғозин "Болашақ" ХБО басқарма төрағасы болды

Әнуар Жанғозин "Болашақ" Халықаралық бағдарламалар орталығының басқарма төрағасы болып тағайындалды. Бұл туралы Білім және ғылым министрлігі хабарлады.

Әнуар Жанғозин 1986 жылы дүниеге келген. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетін "Математика" мамандығы бойынша және Назарбаев университетінің магистратурасын "Білім беруді басқару" мамандығы бойынша бітірген.

2008 жылдан 2011 жылға дейін "Назарбаев Зияткерлік мектептері" Әдіснамалық процесс департаментінің менеджері, директордың орынбасары болып жұмыс істеген.

2011 жылдан 2016 жылға дейін Назарбаев Зияткерлік мектебінде математика пәнінің мұғалімі, директор болып жұмыс істеген.

2017-2019 жылдары Нұр-Сұлтанда Білім басқармасының басшысы болған.

Aqnews.kz

 

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

*

This section (Read Next) requires plugin WP Post Blocks installed and activated