Димаш Қудайберген концерті Лондонда аншлагпен өтті
Қазақстанның халық әртісі Димаш Құдайберген Лондонға барды. Әлемнің түкпір-түкпірінен жиналған жүзден астам жанкүйері ұлт мақтанышы әуежайдан күтіп алды. Димаш 12 қарашада Лондон сахнасында жеке концертін берді.
Ұлыбритания астанасы Лондон төрінде, әйгілі Уэмбли Аренада 15 000 аса халық тік тұрып Димаштың концертін тамашалады. Қазақтың атын, өнері мен мәдениетін әлемге әйгілі етіп жүрген Димаштың биік өресіне тағы бір рет көз жеткізіп отырмыз.
Теги: #Культура Казахстана, #Шоу бизнес Казахстана, #Астана