Назым Қызайбай Олимпиада іріктеуіне барады

Бокстан Астанада өтіп жатқан іріктеу турнирінде әйелдер арасындағы 50 келі салмақ дәрежесіндегі жеңімпаз анықталды, деп хабарлайды Aqnews.kz.

50 келі салмақта Назым Қызайбай мен Алуа Балқыбекова Таиландтағы іріктеу турниріне қатысу мүмкіндігін сарапқа салған еді.

Аталған жекпе-жекте екі дүркін әлем чемпионы Назым Қызайбай жеңіске жетті.

Осылайша, Таиландтағы іріктеу сынына Назым Қызайбай аттанады.

This section (Read Next) requires plugin WP Post Blocks installed and activated