Өкінішке қарай, қазіргі таңда дүйім көпшілік «салауатты өмір салты» деген сөз тіркесін біржақты, шектеулі және үстірт түсінеді. Көз алдарына көбінесе ҚАЛАЛЫҚ «МОДА», сән үшін (әдетте, тым қымбат) фитнес-залда бар күшімен штангы көтере алмай жатқан немесе йоганың шпагатына отыра алмай жатқан мүсәпір арық ер адам, ТІРІ ҚАЛУ үшін аса дәмсіз шөп диетасында бір ай бойы отырған (әдетте, жүз килограмм салмағы бар) мүсәпір әйел елестейді. Бірақ, бұл - өте біржақты көзқарас, тіпті зиян көзқарас! Себебі, нағыз салауатты өмір салты ішкі рухани аһуалды жақсартудан басталады. Бұл аспектіге аз адам мән беретіндігі тым өкінішті-ақ.

Қазіргі адамдар көбінесе денсаулықты тек сырттан іздейді. Сыртқы бет-бейнесі, сырттан келген рецептер, дәрілер және жаттығулар және тек сырттай ғана формалді түрде жеке өз күнтізбесін сақтау т.б.... Ал салауатты өмір салтының ІШКІ мазмұны көбінесе еленбей қалып жатыр. Неліктен йога практикасы соншама қызықты: себебі, оның терең, ондаған ғасырлар бойы келе жатқан, индуисттік діни және мәдени дәстүр мен тарихы бар. Неліктен кунг фу, у шу, каратэ, дзюдо және т.б. спорт түрлері соншама тартымды: себебі, ол спорт түрінің артында да терең тарих пен үлкен Шығыс философиялық мектебі жатыр. Тіпті қарапайым бодибилдингтің өзі сонау Грек заманындағы ТӘН сәні (пұтқа табыну) модасынан бастау алатын, Ренессанс кезінде Батыс Өркениетінде қатты күшейген «культ тела» деген құбылыс пен үрдістермен жалғасын тапқан, тіпті, жиырмасыншы ғасырда Арнольд Шварценнегер сынды тұлғалар жаңғыртқан үлкен ілім деп айтуға болады! Әйтпесе, бізде де Алпамыс батырлар, палуандар, қазақ күресінің жеңімпаздары, кешегі мен бүгінгі Қажымұқандар бар емес пе?! Алайда, бүгінгі дүйім жұртқа ұлттық спорттан гөрі Ұлыбританияның Ұлы футбол мектебі, АҚШтың бокс мектебі, Ресейдің САМБО мектебі немесе Қытайдың Шао Линь мектебі тақырыптары турасында сөйлесу, соларды зерттеу, сол бағыттарға еліктеу тартымдырақ. Сонда қазақ халқына салуатты өмір салты тән емес пе!? Әрине, тән! Әйткенмен, ұлттық спорт ойындарының басым көпшілігі ауылдық жерлерге арналған (көкпар, асық, аударыспақ және т.б.), жаңа қазақы қалалық ойындар МЕКТЕБІ әлі дамымай тұр, дегенмен ұлттық спортқа, әсіресе халықты сауықтыруға көп мән беріліп жатыр. Дегенмен, жаңа ұлттық ойындарды ойлып табу керек шығар!? Мәселен, тоғызқұмалақтың негізінде үстел ойыны немесе қазақша күрестің 21-шы ғасырға сай мектептерін ЖОБА ретінде қолға алу керек шығар!? Ұлттық спорт түрлері үлкен Әлем, зерттейтін адамға - түпсіз қазына. Әр аулаға тегін жаттығу турниктерін қойып қойған дұрыс, одан бөлек салауатты өмір салтын сақтауға қоғамды, әсіресе жастарды ынталандыратын ірі істер керек. Мысалы, бізге жат «бои без правил» деген қаптап кеткен орталықтардан гөрі, «ұлттық қазақы күрес» немесе тым көбейіп кеткен «боулинг клубтардың» орнына, «асық ойнау клубын» ашпай ма?! Әрине, оның үстіне сан жетпес дәмхана мен пабтардағы зиянды ішімдіктерге (оның ішіндегі энергетик сусындарға) және темекі өнімдеріне (есірткі шегуге де(!) тым қолайлы кальян мен вейптерге) және олардың ашық-жасырын жарнамасына қатысты заңнаманы тағы қатаңдатса, құба-құп. Ғаламторға психикалық тәуелділікті, құмар ойындарға шақыратын түрлі компьютерлік клубтарға да шектеу қоюға уақыт келді, тым болмаса түңгі уақытқа, тым болмаса мектеп жасындағы балаларға қатысты. Оларды -  «плэй стеэйшн» емес, «бәле ұстайсың» деп атау керек еді! Бірақ, бұл - бөлек тақырып.

Жалпы, салауатты өмір салты әр адамның ішкі жан-дүниесінен басталады, ой мен сезімі, өмірге көзқарасы, мұрат-мақсаты.

Егер одан да тереңінен ойлап қарасақ, тіпті Ислам дінінде пенделер Алланың алдында жанының тазалығын күткендері үшін ғана емес, өз тәніне өзі азап жасамауы керек. Яғни, шылым шексе, арақ ішсе тән азапқа түседі, адамның өзі бұны естімейді, алайда Алла естіп тұр. (Мүмкін, ағзалар уланған кезде адам құлағына естілмейтін дыбыс шығаратын шығар!? Бұл - әлі ғылыми зерттелмеген тақырып. Оны зерттеу нәтижелері көрсете жатар. Мысалы, спиртке уланған бауыр «ойбай» деп айтпаса да, бәлкім әйтеуір бір құлаққа естілмейтін инфратолқынды бір сигнал беретін шығар). Діни өмір салтын ұстанудың (оның ішінде, Исламды) өзі тек рухани саулық пен тазалықты арттырып қана қоймай, әрі денсаулыққа пайдалы екендігін бірнеше зерттеушілер Әлем бойынша соңғы жылдары мойындап отыр. Олардың шығарған қорытындылары бойынша, дұға оқу (кез келген дінде) судың да физикалық құрамын жақсартады және жалпы намаз кезінде адамның жүрек қағысы, тыныс алу жиілігі һәм тағы басқа биологиялық көрсеткіштері кем дегенде 3 сағатқа кепілді түрде жақсарады екен. Ал егер бес уақыт намазды жылдар бойы күнделікті оқып жүрген адамның өмір жасы орта есеппен 5-7 %-ға ұзарады екен. Әдетте, иммундық жүйесі күз-қыс мезгілдерінде салыстырмалы түрде жоғарырақ болады, жалпы денсаулық деңгейі тұрақты жағдайда ұзақ мерзімге сақталады. Әлбетте, мұсылмандар да ауырып қалады. Бірақ, бір жарым есе тез жазылады. Өйткені, көбінесе олар психикасын игі бағытқа бастайды, намаз кезінде орын алатын дене-қимылдары қан айналым, линфайналым, гормонайналымы жүйелеріне жағымды ықпал етеді. Әрине, дұғадан бөлек. Бұл жағымды ықпалдың салдары тек намазды шын ықыласпен, берік ниетпен (психологиялық аспект) күнделікті тұрақты, уақытылы, жүйелі оқыған соң, бірнеше айдан кейін ғана сол адамның өзіне сезіле бастайды.

Салауатты өмір салтын күштеп орнату мүмкін емес. Мәселен, айфон мен ноутбуктерді бізге ешкім күштеп, қинап берген жоқ, десек те, біз оларды тастамақ түгілі, тастау туралы ой да келмейді. Тіпті, ол жабысқақ қондырғылар дәл қазір керек емес боп тұрса да! Неге!? Иә, неге жаман әдет болып кетті?! Себебі, олардың ішінде – маңызды болмаса да, өзімізге құнды біздің жеке ақпараттарымыз бар! Ал сол ақпарат - рухани (материалдық емес) ішкі әлеміміздің бөлшегі. Рухани ішкі әлеміміз  (электрониканың ішіндегі титтей, тіпті (кәсібімізге қатысы жоқ болса да) өзіміздің ақпаратымыз) бізге маңыздырақ болғаны соншама, біз флешкаларды, дисктерді, электрониканы ылғи күні-түні жата-жастанып өзімізбен бірге тастамай алып жүреміз. Мидің жұмысы сондай! Психиканың қызметінің ерекшелігі сондай! Әлбетте, салауатты өмір салтын сақтау немесе сақтамау -адамның өз еркі, десек те, САЛАУАТТЫЛЫҚ дегеніміз - ең алдымен адамның ішкі рухани күйін, жеке ой-санасын, өз-өзін іштей сезінуін білдіреді! Ол адам салауатты өмір салты бар өмірді тұрмақ, ең алдымен өз өмірін қадірлей ме, өз өміріне, яғни өмірінің МҰРАТЫНА көңілі тола ма?! Бұл - ең басты психологиялық һәм рухани сұрақтар. Осы сауалдарға жауап берген соң ғана, салауатты өмір салтына толықтай әрі біратұла көшуге болады! Мақсат қоюға өте маңызды көмек - Дін, Мәдениет, Шығармашылық, Білім. Тек сосын барып қана – Спорт және диета! «Тәні саудың - жаны сау», «В здоровом теле здоровый дух» деген сынды қағидалар дұрыс емес!!! Тән мен жан бір зат іспеттес! Екеуі тең. Тіпті рухани аспектісі биігірек! Алдымен, жан, сосын тән! Cайып келгенде,  «Жаны саудың - тәні сау»! Тәні сау, әйтсе де, жансарайы онша жақсы емес, рухани дүниесі өте шектеулі адамдар бар емес пе!? Және, мысалы керісінше, ең терең даналықты көрсетіп отырған (тым болмаса Рузвельт, Бетховен, Ницше мен Хокингті айтсақ та!) қаншама мүгедектер бар. Әлем тарихшыларының соңғы кезде (әсіресе, көне Грекия тарихын зерттеген ғалымдардың) зерттеулерінің нәтижесі бойынша о баста Децим Ювенал латын тілінде «В здоровом теле пусть здоровый дух будет порожден!» («...orandum est, ut sit mens sana in corpore sano...» (X сатир, 356 жол http://dic.academic.ru/dic.nsf/latin_proverbs/1449/Mens )) деген қағида болатын. Демек, оның мағынасы - «сау тәннің ішінде сау жан жаратылсын» деген cөз. Сосын осы қағиданың екінші бөлігі ұмытылып қалып, ұзақ уақыттар бойы адамдар біржақты ойлап жүріпті және аталмыш үрдіс әлі де тоқтар емес. Денем сау болса болды, ауырмасам болды, бойым екі метр болса болды, күнде жаттығып жүрсем болды – демек, жаным да сау деп жүр. Алайда, адам психикасы, имандылық-сана, жалпы жан-дүниесі ең баты, бастапқы һәм іргелі ұғымдар емес пе?! Дінде жан әлемі, рух әлемі алғаш жаратылды емес пе?!

Рухымыз да сау, тәніміз де сау болсын! Имандылықты сақтайық! Деніміз сау болсын!

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

*

This section (Read Next) requires plugin WP Post Blocks installed and activated