Мемлекеттік қызмет мектебінің ашылуы мақсаты - мемлекеттік қызметкерлердің қатарына сауатты, жауапты, ұйымдастыру және көшбасшылық қасиеттері бар жастарды тарту және кәсіби мемлекеттік қызметкерлердің аппаратын қалыптастыру.

Мемлекеттік қызмет мектебінің жиырма төртінші сабағы 2019 жыл, қараша айының 9-ы күні өтті. Сағат 10:00-11:00-де жастар «Хит Тв» телеарнасының журналистері Жұмали Арай және Есентемір Ерболұлымен кездесті.

Арықарай сағат 11:30-12:30 аралығында жобаға қатысушылар Тhe Steppe сайтының бас редакторы Данияр Қосназаровпен кездесті.

Ал сағат 12:30 – 13:30-да  болашақ мемлекеттік қызметкерлер «Болашақ» бағдарламасының түлегі, хирург Ғани Төлепбергенмен жүздессе, сағат 13:30 – 14:30-да Алматы қаласының Маслихат депутаты Қасымов Ерболатпен кездесті.

Сонымен қатар, жастар сағат 14:30 – 15:30-да ҚР Президенті Архивінің өкілі Тұрсыналиев Мұхаммедпен жүздесіп, қажетті ақпаратпен қамтылды.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

*

This section (Read Next) requires plugin WP Post Blocks installed and activated