Мемлекеттік қызмет мектебінің ашылуы мақсаты - мемлекеттік қызметкерлердің қатарына сауатты, жауапты, ұйымдастыру және көшбасшылық қасиеттері бар жастарды тарту және кәсіби мемлекеттік қызметкерлердің аппаратын қалыптастыру.
Мемлекеттік қызмет мектебінің жиырма үшінші сабағы 2019 жыл, қараша айының 8-і күні өтті. Сағат 10:00-11:00-де «Генералдар кеңесі» РҚБ Президиумының төрағасы, Әділет генерал майоры Қайдаров Рүстеммен кездесу өтті. Кездесу барысында жобаға қатысушылар арасынан сұрақтар қойылып, сүбелі сұхбат болды.
Арықарай сағат 11:30-12:30 аралығында жастар «Нұр Отан» партиясы «Жас Отан» жастар қанатының төрағасы Дәлет Кәрібекпен кездесті.
Ал сағат 12:30 – 13:30 аралығында жобаға қатысушылар АО Казпочта өкілімен кездесті.
Ал кешкі уақытта жастар әнші Али Окаповтің жеке концертіне барып, демалып қайтты.