Мемлекеттік қызмет мектебінің ашылуы мақсаты - мемлекеттік қызметкерлердің қатарына сауатты, жауапты, ұйымдастыру және көшбасшылық қасиеттері бар жастарды тарту және кәсіби мемлекеттік қызметкерлердің аппаратын қалыптастыру.
Мемлекеттік қызмет мектебінің жиырма бірінші сабағы 2019 жыл, қараша айының 2-і күні өтті. Сағат 10:00-11:00-де «Әлеуметтану» сабағынан дәріс өтті.
Арықарай сағат 11:30-12:30 аралығында жастар Алматы қалалық Наурызбай ауданы әкімінің орынбасары Майлыбаев Ғанимен кездесті.
Ал сағат 12:30 – 13:30 аралығында медицина саласының маманымен кездесу өтті.