Мемлекеттік қызмет мектебінің ашылуы мақсаты - мемлекеттік қызметкерлердің қатарына сауатты, жауапты, ұйымдастыру және көшбасшылық қасиеттері бар жастарды тарту және кәсіби мемлекеттік қызметкерлердің аппаратын қалыптастыру.
Мемлекеттік қызмет мектебінің жиырмасыншы сабағы 2019 жыл, қазан айының 27-і күні өтті. Сағат 10:00-11:00-де «Ағылшын тілі» сабағынан өтті.
Арықарай сағат 11:30-12:30 аралығында жастар Ұлттық кеңес мүшесі Расул Жұмалымен кездесті.
Ал сағат 12:30 – 13:30 аралығында «Психологиядан» дәріс өтсе, сағат 13:30 – 14:30-де сабақ «Компьютерлік сауаттылықдан» болды.
Ал сағат 14:30 – 15:30-да болашақ мемлекеттік қызметкерлер «Әлеуметтану» сабағынан дәріс тыңдады.