Мемлекеттік қызмет мектебінің ашылуы мақсаты - мемлекеттік қызметкерлердің қатарына сауатты, жауапты, ұйымдастыру және көшбасшылық қасиеттері бар жастарды тарту және кәсіби мемлекеттік қызметкерлердің аппаратын қалыптастыру.

Мемлекеттік қызмет мектебінің он жетінші сабағы 2019 жыл, қазан айының  19-ы күні өтті. Сағат 10:00-11:00-де «Құқықтық сауаттылық» сабағынан дәріс өтті.

Арықарай сағат 11:30-12:30 аралығында жалғасқан сабақ барысында мемлекеттік қызметкердің құқықтары туралы әңгіме өрбіді.

Ал сағат 12:30 – 13:30 аралығында Ұлттық кеңес мүшесі Айдос Сарыммен кездесу өтті. Кездесу барысында жастар арасында сұрақтар туындап, пікір алмасты.

Ал сағат 13:30-14:30-да болашақ мемлекеттік қызметкерлер Нұр Отан партиясы Алматы қалалық филиалының төрағасының орынбасары Арман Халбековпен кездесті.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

*

This section (Read Next) requires plugin WP Post Blocks installed and activated