Мемлекеттік қызмет мектебінің ашылуы мақсаты - мемлекеттік қызметкерлердің қатарына сауатты, жауапты, ұйымдастыру және көшбасшылық қасиеттері бар жастарды тарту және кәсіби мемлекеттік қызметкерлердің аппаратын қалыптастыру.
Мемлекеттік қызмет мектебінің он бірінші сабағы 2019 жыл, қыркүйек айының 29.09-ы күні өтті. Сағат 10:00-11:00-де жастар Алматы қаласындағы ҚР ДАОК жанындағы арнайы мониторинг тобының мүшесі Закиров Русланмен кездесті.
Ал сағат 11:30-12:30 аралығында «Құқықтық сауаттылық» сабағынан дәріс өтті.
Арықарай сағат 12:30-13:30 аралығында жобаға қатысушылар әлеуметтану ғылымдарының магистрі, халықаралық юрист Мақсат Жақаумен кездесті.
Артынша болашақ мемлекеттік қызметкерлер «Компьютерлік сауаттылық» сабағынан дәріс тыңдады.