Мемлекеттік қызмет мектебінің ашылуы мақсаты - мемлекеттік қызметкерлердің қатарына сауатты, жауапты, ұйымдастыру және көшбасшылық қасиеттері бар жастарды тарту және кәсіби мемлекеттік қызметкерлердің аппаратын қалыптастыру.
Мемлекеттік қызмет мектебінің он алтыншы сабағы 2019 жыл, қазан айының 13-і күні өтті. Сағат 10:00-11:00-де «Ағылшын тілі» сабағынан дәріс өтті.
Ал сағат 11:30-12:30 аралығында саяси ғылымдарының кандидаты Сейсебаева Райханмен кездесу өтті.
Арықарай сағат 12:30-13:30 аралығында жобаға қатысушылар «Компьютерлік сауаттылық» сабағынан дәріс тыңдады.