Мемлекет басшысы Эмманюэль Макронды әуежайдан шығарып салды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев елімізге ресми сапары аяқталған Франция Президенті Эмманюэль Макронды әуежайдан құрметтеп шығарып салды, деп хабарлайды Aqnews.kz баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Еске салайық, Франция Президенті Эмманюэль Макрон ресми сапармен Қазақстанға келді.

Қасым-Жомарт Тоқаев Ақордада Франция Президенті Эмманюэль Макронды қарсы алды.

Қазақстан мен Франция президенттері шағын құрамда келіссөз жүргізді.

Макрон бұл сапар екіжақты серіктестік үшін маңызды жылмен тұспа-тұс келіп отырғанын айтты.

Қазақстан Президенті өз сөзінде Франция – Қазақстанның Еуропадағы өте маңызды серіктесі екенін атап өтті.

Сондай-ақ, Президент кездесу кезінде білім және ғылым саласындағы жобаларды қолға алуға ерекше көңіл бөлінгенін жеткізді.

Эмманюэль Макрон қазақ мектептеріне француз тілін оқыту тәжірибесі қайта оралғаны маңызды екенін жеткізді.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев әлемдегі түрлі саяси шиеленістер мен экономикалық дағдарыстар елді алаңдатып отырғанына тоқталды.

Франция Президенті мемлекеттер арасындағы қарым-қатынастың франциялық үлгісі туралы айтты.

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Эмманюэль Макрон екі мемлекеттің ресми делегацияларының қатысуымен кеңейтілген құрамда келіссөз жүргізді.

Франция президенті Эмманюэль Макрон Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевпен Ақордадағы кездесуі кезінде Қарағанды облысында қаза болған шахтерлердің отбасына көңіл айтты.

Мемлекет басшыларының кездесуінен кейінгі қос елдің қарым-қатынасы қай бағытта дамуы мүмкін?

Қазақстан мен Францияның ресми делегация мүшелері бірқатар құжатқа қол қойды.

Айта кету керек, Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Францияға былтыр жасаған ресми сапары аясында 35 құжатқа қол қойылған болатын.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

*

This section (Read Next) requires plugin WP Post Blocks installed and activated