Француз футболшысы Килиан Мбаппе мұрнынан алған жарақатына байланысты топтық кезеңдегі ойындарға қатыса алмайтын болды, - деп хабарлайды Le Figaro.
Шабуылшы Австрияға қарсы өткен ойын аяқталар тұста жарақат алған еді. Кейіннен мұрны сынғаны белгілі болды. Мбаппеге ота жасалмаса да, емдеу үшін кемі 10 күн қажет екен. Нәтижесінде Нидерланд және Польшаға қарсы ойында алаңға шықпайды. 1/8 финалдан бастап көмектесе алады. Онда да ойынға қорғаныс маскасымен шығады.
Бірінші ойында Австрияны ұтқан Францияда қазір 3 ұпай бар. Ал Нидерланд құрамасы бірінші ойында Польшаны ұтты.