Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы, Боранқұл ауылының тұрғындары наразылық танытқандар жауапқа тартылса, жолды жауып тастаймыз деп ескерту жасады.
«Бүгінгі шерулер мұнымен тоқтап қалмайды. Жағдайды жіті қадағалап жатырмыз – телефонымыз бар, ютуб бар. Әзірге біз жолды жаппаймыз, алайда Өзен мен Ақтауға қысым күшейсе, қудалап, түрмеге қамай бастаса, оларға зорлық-зомбылық көрсетсе, біз дереу жолдарды жабуға дайынбыз», - деді ауыл тұрғындарының бірі.
Естеріңізге сала кетейік, 2 қаңтар күні Жаңаөзен тұрғындары жаппай көшеге шығып, сұйытылған газ бағасын төмендетуді талап еткен болатын. Халық наразылығы әлі тоқтаған жоқ.
Aqnews.kz