Лондонда 2012 жылы әйгілі Smithfield нарығында "адам етін сататын дүкен" ашылған еді. Дүкенде адамның қолын, аяғын, мұрнын, басын және басқа ағзаларын сатып алуға болады.Бұл дүкенді әлем геймерлеріне кеңінен танымал Resident Evil Capcom ойынын жасаушылар ашқан еді.
Дүкенде төрт түлік етін адам ағзаларына ұқсас жасайтын арнайы аппараттар бар. Осы арқылы олар сиыр мен шошқанынң етін адамның қол-аяғын және басқа да ағза мүшелерін жасайды. Ерекше маркетингтік әдіс мыңдаған туристерді қызықтырған.
Мысалы дүкенде адам қолын £ 5.99, ал аяқты £ 6,00 сатып алуға болады. Ойынның жанкүйерлері Resident Evil дүкеннен ет өнімін сатып алуды міндет санап, сатып алушылар саны еселеп артқан. Алайда коронавирустық шектеулерге байланысты дүкеннің жабылып қалғаны айтылуда. Ендігі таңда дүкен онлайн түрде жұмыс істейді және тапсырысты арнайы жеткізу бөлімдері арқылы апарады.
Aqnews.kz