Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша ҚР премьер-министрі Әлихан Смайылов жұмыс сапарымен Қытай Халық Республикасына барды.
Әлихан Смайылов пен ҚХР Мемлекеттік кеңесінің премьері Ли Цянның келіссөздері барысында сауда-экономикалық ынтымақтастықтың кең ауқымды мәселелерін талқылау жоспарлануда.
Сонымен қатар премьер-министр Шанхайда 6-шы Қытай халықаралық импорт көрмесінің ашылуына қатысады және басқа елдер делегацияларының басшыларымен бірге көрмедегі ұлттық павильондармен танысады.