Әлеуметтік желілерде 2000 жылдан бастап аутизм жағдайлары 241% артқаны туралы жазылып жатыр. 23 жыл бұрын мұндай диагноз 10 мың баланың біріне, ал қазір әрбір 44 балаға қойылады екен. Демек, әлемде аутизм пандемиясы болып жатыр, бірақ ол туралы айтылмай отыр-мыс. Бұл рас па? Stopfake.kz анықтап көрді.
«Постта келтірілген көрсеткіштер сәл бұрмаланған. Ұсынылған көрсеткіштер АҚШ ауруларды бақылау және алдын алу орталығының (CDC) деректері болып табылады және тек осы елге ғана қатысты. 2021 жылы ведомствоның есептеуінше, 44 америкалықтың біріне аутизм спектрінің әртүрлі бұзылыстары (АСБ) диагнозы қойылған. 2000 жылы мұндай диагноз 150 адамның бірінде тіркелген. Ал 1970 жылдардағы статистикаға сәйкес, 10 мың америкалықтың бірінен ғана мұндай ауру табылған.
Алайда, бұл деректер сырқаттың өсуінің сөзсіз дәлелі бола алмайды», - деп жазады Stopfake.kz.
Себебі 1970 жылдары, тіпті 2000 жылдардың басында аутизмді диагностикалау әдістері әртүрлі болған.
Бала аутизмі ауруын алғаш рет 1943 жылы Лео Каннер сипаттап көрсеткен. 1970 жылдары бұл диагноз бен оның көріністері түсініксіз болды, оны ешкімге қоймайтын. Ресми түрде диагноз тек 1980 жылдары қолданыла бастады. Ол кезде ауру шизофрениядан өзгеше екені белгіленіп, «дамудың жалпы бұзылуы» ретінде аталды. Бұл тұжырымдама 1987 жылы кеңейтіле түсіп, жанына «жеңіл ауырлық» сөздері қосылды. Алайда, ол кезде әлі де аутизм хал-ахуалдың толық спектрі емес ретінде, бір жалпы диагноз ретінде қарастырылды. АСБ диагностикалау тәсілі де, АСБ термині де 1994 жылы ғана пайда болды және 2000 жылы қайта қаралып, кеңейтілді.
2019 жылы қабылданған аурулардың 11-ші халықаралық классификациясында АСБ ұғымы тағы да кеңейтілді. Қазір оған ағзадағы әртүрлі бұзылудың 7 сипаттамасы кіреді, олардың әрқайсысына қойылатын нақты диагностикалық талаптар бар.
Аутизм ұғымының кеңеюінен және диагностикалық әдістердің жетілдірілуінен адамдарға бұл диагнозы жиі қойылатын болды. Бірақ бұл олар диагноз қойылғанға дейін ауырмаған дегенді білдірмейді.
«Яғни, аутизммен ауыратын адамдарға бұған дейін диагноз қойылмай келді, өйткені дәрігерлерде тәжірибе мен қажетті тестілеу әдістері жеткіліксіз болды.
Демек, аурушаңдық статистикасының артуы жағдайлардың өскенін дәлелдемейді. Статистика көбінесе диагностикалық әдістердің жетілдірілуіне және 1970 жылдармен салыстырғанда AСБ тұжырымдамасының кеңеютілуіне байланысты артады. Дәрігерлер аутизмнің дамуына сыртқы факторлар әсер етуі мүмкін екенін де жоққа шығармайды, мысалы, экология. Мамандардың пікірінше, жүктілік кезінде ананың белгілі бір аурулары, генетикалық бейімділігі, ата-ананың қартаюы, ерте туу және бір анадан туған балалар арасында аз уақыт өтуі сияқты факторлар АСБ даму қаупін арттырады.
Мұның бәрі әсер етуі ықтимал. Ғалымдарда аутизмнің пайда болуы мен дамуының себептері туралы нақты деректер әлі жоқ», - деп қорытынды жасалған.