Ұлыбританияда Димаштың екі фан-клубы бар деп, хабарлайды Aqnews.kz.
Оның әндерін түсіну үшін ұлы Абай тілін үйреніп, Қазақстанға саяхаттап та жүр. 30-дан астам адам Лондонның көрнекті орындарында жиналып, әншіге ыстық лебіздерін жеткізді. Жұрт қолдарына Қазақстан мен Ұлыбритания туларын ұстап, қазақ тілінде ән шырқап, қамажай биін биледі.
"Біз Ұлыбританиядағы диерстар қауымы Димашқа құттықтауымызды жолдаймыз. Оның адам нанғысыз ғажап дауысы біздің жүрегімізді жаулап алды. Ал музыкасы әлемнің түкпір-түкпіріндегі халықты біріктірді. Димаш, сенің өнердегі қанатың талмасын. Әндерің бізді шабыттандыра берсін. Кезекті концертіңді асыға күтеміз. Ұлыбританиядағы жанкүйерлерің сені жақсы көреді", - деді фан-клубтың негізін қалаушы Анка Тимофте 24kz-ке берген сұхбатында.