Әлем чемпионаты: Балуандардың барлығы жеңілді

Әбу-Дабиде өтіп жатқан дзюдодан әлем чемпионатында Қазақстанның ерлер құрамасы бірде-бір жүлде жеңіп ала алмады.

Бүгін татамиге шыққан спортшыларымыздың барлығы да жеңіліс тапты.

100 келіге дейінгі салмақта Нұрлыхан Шархан даниялық Дэниел Эйчтен жығылды. +100 келі салмақтағы Ерасыл Қажыбаев бахрейндік Азамат Чотчаевқа есе жіберді. +78 келідегі Камила Берліқаш екінші айналымда қытайлық қарсыласынан жығылып қалды.

Осылайша, Қазақстан құрамасы дзюдодан әлем біріншілігін 1 қоламен аяқтап отыр. Оны 48 келіде Әбиба Әбужақынова жеңіп алған еді. Ал Қазақстандық өзге дзюдошылар түгел жеңілді.

This section (Read Next) requires plugin WP Post Blocks installed and activated