Әлем чемпионаты: Қазақстан хоккей құрамасы бүгін Польшамен кездеседі

Бүгін, 20 мамырда шайбалы хоккейден әлем чемпионаты элиталық дивизионында Қазақстан құрамасы жетінші ойынын Польшаға қарсы өткізеді.

Әлем чемпионатында қазақстандық хоккейшілер В тобында Франция, Словакия, Латвия, Швеция, Германия, АҚШ және Польшамен сынға түсіп жатыр.

Дүбірлі дода 10-26 мамыр аралығында Чехияның Прага және Острава қалаларында өткізіліп жатыр.

Қазақстан мен Польша кездесуі сағат 23.20-де басталып, «Qazsport» телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі.

Екі құрама бұған дейін 12 мәрте кездесті. Оның 9-да қазақстандық хоккейшілер жеңіске жетсе, қалғанында қарсыластарға есе жіберді.

Айта кетсек, бұдан бұрын қазақстандық хоккейшілер Францияны 3:1 есебімен жеңсе, Словакияға 2:6, Латвияға 0:2, Швецияға 1:3, Германияға 2:8, АҚШ-қа 1:10 есебімен есе жіберді.

This section (Read Next) requires plugin WP Post Blocks installed and activated