Кредит алу қиындайды – Тимур Сүлейменов

Елімізде кредит алу қиындайды. Банктер мен микроқаржы ұйымдары үшін азаматтарға несие беру талаптары қатаңдатылады.
Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов "Хабар" телеарнасындағы "Национальный интерес" бағдарламасына берген сұхбатында: "елімізде борышкерлер жайында тұтас ақпараттық жүйе құрылады", – деді.
Естеріңізде болса, бұған дейін заңға енгізілген бірқатар түзетуді мәжіліс депутаттары мақұлдаған еді. Енді 90 күн бойы қарызын өтемей жүрген азаматтарға несие берілмейді. Ал өтелмеген несие бойынша өсімпұл салуға тыйым салынады.
"Қарыз алушының жеке сәйкестендіру нөмірі арқылы оның барлық несиесі туралы ақпарат жиналады. Яғни, ипотекасы, автокөлік алған кредиті, тұтынушылық кредит пен ақшалай қарыздары туралы барлық мәлімет өңделеді. Осы ретте тұтас ақпараттық жүйе құрылады. Осы арқылы біз азаматтарымыздың сансыз кредит алып, қарызға белшесінен батуына жол бермейміз", - дейді Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің төрағасы Тимур Сүлейменов.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

*

This section (Read Next) requires plugin WP Post Blocks installed and activated