Костенко шахтасындағы апатта қаза тапқандар саны 32-ге жетті

Костенко атындағы шахтада сағат 18:00 жағдай бойынша 33 адамның денесі табылды, 13 кенші әлі іздестіріліп жатыр, деп хабарлайды Aqnews.kz.

"АрселорМитталТеміртау" АҚ Көмір департаментінің Костенко атындағы шахтадағы авариялық-құтқару жұмыстарына "Кәсіби әскерилендірілген авариялық-құтқару қызметтерінің республикалық орталық штабы" ЖШС Қарағанды филиалының тау-кен құтқарушылары жұмылдырылды.

"Газ жағдайын бақылау, сынамаларды алу, сондай-ақ табылған денелерді шығару жұмыстары жүріп жатыр".ҚР ТЖМ баспасөз қызметі

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қайғылы жағдайға байланысты 29 қазанды елімізде Жалпыұлттық аза тұту күні деп жариялады.

Қарағанды ​​облысындағы Костенко атындағы шахтада 28 қазан күні сағат 02:33-те жарылыс болып, бастапқыда төрт адам қаза тапты.

"АрселорМиттал Теміртау" АҚ Қарағанды ​​облысындағы Костенко шахтасында алдын ала болжам бойынша, метан жарылғанын мәлімдеді.

Өрт шыққан кезде шахтада 252 кенші болған. Оқиға орнына жеткен құтқарушылар 204 кеншіні сыртқа шығарды.

Шахтадағы кезекті апаттан соң "АрселорМиттал Теміртаудың" меншік құқығы Қазақстанға берілетін болды.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

*

This section (Read Next) requires plugin WP Post Blocks installed and activated