Фото: The Daily Beast

Бұл туралы ол Біріккен Араб Әмірліктері ұйымдастырған денсаулық сақтау мәселелері жөніндегі онлайн форумда айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі YouTube-тегі видеоға сілтеме жасап.

ДСҰ бас директоры Тедрос Адханом Гебрейесус

Гебрейесус алғашқы миллион адам коронавирус үш айда жұқтырғанын, тағы бір миллион адам соңғы сегіз күнде жұқтырғанын еске салды.

"Пандемия денсаулық сақтау саласындағы дағдарыс, экономикалық дағдарыс, әлеуметтік дағдарыс және көптеген елдегі саяси дағдарыстан да қатерлі екенін білеміз. Оның салдары ондағал жылға созылады", - деді Гебрейесус.

Сондай-ақ, ДСҰ басшысы дүние жүзіне төніп тұрған қауіптен гөрі "жаһандық ынтымақтастық пен жаһандық озаттықтың жоғы" қауіптірек деген пікір білдірді.

"Бірде-бір ұйым, бірде-бір мемлекет жалғыз өзі бұл пандемияны жеңе алмайды... Әлем бірікпесе, бұл пандемияны жеңе алмаймыз", - деген Гебрейесус пандемияны саясиландыру оны күшейте түскенін айтып.

Еске салайық, COVID-19 инфекциясы былтыр Қытайда тіркелген. 2020 жылдың 11 наурызында Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы коронавирусты пандемия деп жариялаған.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

*

This section (Read Next) requires plugin WP Post Blocks installed and activated