Қазақстанда коронавирус тараған елдерден келген азаматтардың үш санатқа бөлінетінін атап өткен жөн, - деп жазады NUR.KZ .
Бірінші санатқа Қытай, Иран, Италия мен Оңтүстік Корея елдерінен келген азаматтар кіреді – олар бірден 14 күндік карантинге жатқызылады. Содан кейін олар тұрғылықты жері бойынша дәрігерлердің бақылауында болады.
Екінші санатқа (ауруды жұқтырудың 10-нан астам дерегі тіркелген елдер) жатқызылғандар да 14 күндік карантиннен өтуі тиіс. Содан кейін тағы 10 күн бойы күнделікті телефон арқылы бақыланады.
Үшінші санатқа (ауруды жұқтырудың 10-нан аз дерегі тіркелген елдер) жатқызылған азаматтарды дәрігерлер тұрғылықты жері бойынша 24 күн бойы қашықтықтан телефон арқылы бақылайды.
Денсаулық сақтау министрлігі тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитеті төрағасының орынбасары Нұрхан Сәдуақасовтың айтуынша, карантин тәртібін бұзғаны үшін 5 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл салынады. 2020 жылы 1 АЕК – 2 651 теңге болса, айыппұл сомасы 13 255 теңгені құрайды.
"Жазалау шаралары бойынша механизмдер әлі толық реттелмеген, бірақ бұл бағытта жұмыстар жүргізілуде. Карантинді бұзу оқиғасы бізде болған жоқ. Алайда, адам стационарлық карантиннен қашып кетсе, оған қатысты ең қатаң шаралар қабылданады. Үйде карантиде жатқан азаматтардың сана-сезімі жоғары деп үміттенеміз. Адам айналасындағыларға қауіп төндіретінін түсінуі тиіс", – деп мәлімдеді ведомство өкілі.