Қазақстан құрамасы жеңіл атлетикадан Жапонияның Номи қаласында өтіп жатқан Азия чемпионатында жүлдеге ие болды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Құрлықтық жарыстың жүлдегерлері қатарына Ясмина Тоқсанбаева енді. Ол спорттық жүрісте екінші орын алды.
Жартылай марафон қашықтығында қазақстандық спортшы екінші болып мәреге жетті. Ясмина Тоқсанбаеваның нәтижесі – 1:37:17.
Қытайлық Чжан Тин жарыс жеңімпазы атанды – 1:36:18. Ал қола медальді тағы бір Қытай спортшысы Лю Хайянь иеленді – 1:38:45.
Тегтер: #Жеңіл атлет, #Ясмина Тоқсанбаева