Заңғар Нұрланұлы үздіктердің тізіміне енді
03.02.2026 22:55

Заңғар Нұрланұлы үздіктердің тізіміне енді

17 жастағы қазақстандық теннисші Заңғар Нұрланұлы Australian Open-2026-да сәтті өнер көрсетіп, ITF Juniors әлемдік рейтингінде өз орнын жақсартты, деп хабарлайды Zakon.kz.

ТФ баспасөз қызметі хабарлағандай, түркістандық әлемдік жасөспірімдер рейтингінің үздік ондығына енген. Белгілі болғандай, спортшы 12-ші орыннан тоғызыншы орынға сәтті көтерілген.

Айта кетейік, Заңғар ел тарихында Австралияның жасөспірімдер ашық чемпионатының жартылай финалына жекелей сында шыққан алғашқы қазақстандық теннисші болды.

 

 

Бұл ретте, ол 2025 жылғы күзде US Open Juniors жартылай финалына шыққан болатын.

Бүгінде WTA, ATP және ITF Juniors әлемдік рейтингтерінде Australian Open-2026 чемпионы Елена Рыбакина үшінші орында, Александр Бублик 10-шы орында, Заңғар Нұрланұлы тоғызыншы орында.

Тегтер: #теннис, #Заңғар Нұрланұлы


Бізге жазылыңыз