«Заң және тәртіп»: Астанада ресоциализация орталығының қызмет алушыларына заңгерлік кеңес берілді
21.01.2026 00:08

«Заң және тәртіп»: Астанада ресоциализация орталығының қызмет алушыларына заңгерлік кеңес берілді

«Заң және тәртіп» қағидаты аясында елорданың Байқоңыр аудандық прокуратурасы «Демеу» ресоциализация орталығында мемлекеттік қызмет алатын азаматтар үшін құқықбұзушылықтың алдын алу және мемлекеттік институттарға деген сенімді нығайту мақсатында іс-шара ұйымдастырды, деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты.

Іс-шараға 10 уәкілетті орган мен жұмыс берушілердің өкілдері қатысты.

Шамамен 100 адам мамандарға құжаттандыру, мүгедектікті рәсімдеу және жұмысқа орналасу мәселелері бойынша жүгінді.

Нәтижесінде, сол жерде 21 адамға құжаттар рәсімделді, 15 азаматтың мүгедектікті рәсімдеуге арналған құжаттары қабылданды, ал 22 адам жұмысқа орналасу туралы хабарлама алды.

Қосымша түрде 40-тан астам азаматқа заңгерлік кеңес көрсетілді.

Аталған жұмыс тұрақты негізде жүргізілетін болады.

Тегтер: #Астана, #Заң және тәртіп


Бізге жазылыңыз