Қысқы Олимпиада: қазақстандықтар спортшылардың 8 ақпандағы жарыс кестесі
08.02.2026 11:37

Қысқы Олимпиада: қазақстандықтар спортшылардың 8 ақпандағы жарыс кестесі

Италияда өтіп жатқан қысқы Олимпиада ойындарының екінші жарыс күнінде қазақстандық спортшылардың жарыс кестесі белгілі болды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ұлттық Олимпиадалық комитеттің баспасөз қызметінің мәліметінше, екінші жарыс күнінде Қазақстан атынан жеті спортшы спорттың екі түрі бойынша бақ сынайды.

 

Осылайша, Астана уақытымен 16:30-да ерлер арасындағы шаңғы жарысы басталады. Бұл сайыста Әмірғали Мұратбеков, Виталий Пухкало және Наиль Башмаков ел намысын қорғайды.

 

 

Сағат 18:05-те биатлоннан аралас эстафета өтеді. Қазақстан құрамасында Владислав Киреев, Әсет Дүйсенов, Милана Генева және Айша Рақышева өнер көрсетеді.

Қазақстандық спортшылардың жарысын отандық төрт телеарна тікелей эфирде көрсетеді:

  • Qazaqstan,
  • Qazsport,
  • Хабар,
  • Jibek Joly.

Тегтер: #Милан-2026 қысқы Олимпиадасы


Бізге жазылыңыз