Қысқы дөңгелекке ауыспаған көлік жүргізушілеріне айыппұл салынады
01.12.2025 14:15

Қысқы дөңгелекке ауыспаған көлік жүргізушілеріне айыппұл салынады

Бүгіннен бастап қысқы дөңгелекке ауыспаған жүргізушілерге айыппұл салынады. Бұл туралы Ішкі істер министрлігі ескертті.

Заңға сәйкес, 1 желтоқсаннан 1 наурызға дейін көлік міндетті түрде қысқы дөңгелекпен жүруі тиіс. Талапты орындамаған жүргізушілерге шара қолданылады.

Бірінші рет ереже бұзған жағдайда 5 АЕК, яғни 19 мың теңгеден аса айыппұл арқалайды. Ал қайталанса, 20 АЕК-ке дейін өсіп, шамамен 79 мың теңгеге жуық айыппұл салынады.


Бізге жазылыңыз