Астанада тұрғындардың қауіпсіздігі үшін өрт қауіпсіздігі мәселесі ерекше маңызға ие. Әсіресе қыс мезгілінде жылыту құрылғыларын, газ баллондарын, электр жабдықтарын жиі әрі үздіксіз пайдалану өрт шығу қаупін арттырады, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
Осыған байланысты Астана қаласының барлық ауданында өрттің алдын алу мақсатында оның ішінде Байқоңыр ауданында кешенді профилактикалық және түсіндіру жұмысы ұйымдастырылып, тұрғындар мен кәсіпкерлік нысан иелеріне өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтау жөнінде кең көлемде ақпарат берілді.
Аталған жұмыс аясында Байқоңыр ауданының тұрғындары мен кәсіпкерлік нысандарында өрт қауіпсіздігі ережелерін түсіндіру, қауіпті жағдайлардың алдын алу, сондай-ақ төтенше жағдай туындаған кезде дұрыс әрекет ету тәртібін үйретуге бағытталған шаралар жүргізілді.
«Өрт қауіпсіздігі – бұл тек бақылаушы органдардың ғана емес, әрбір кәсіпкер мен нысан иесінің ортақ жауапкершілігі. Қоғамдық тамақтану орындарында өрт қаупі жоғары болғандықтан, профилактикалық жұмысты тұрақты түрде жүргізіп келеміз. Түсіндіру шаралары аптасына кемінде екі рет ұйымдастырылады және бұл бағыттағы жұмыс алдағы уақытта да жалғасын табады», – деді Астана қаласының Инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасының бас маманы Бауыржан Зайнелов.
Алдағы уақытта аудандық әкімдіктермен бірлесіп, сауда үйлерінің маңында орналасқан жылдам тамақ әзірлейтін павильондар бойынша рейдтік іс-шаралар жалғасады.