Виктор Друзин әртістік жүзуден Әлем кубогы кезеңінің қола жүлдегері атанды
28.03.2026 20:57

Виктор Друзин әртістік жүзуден Әлем кубогы кезеңінің қола жүлдегері атанды

Қазіргі таңда Парижде (Франция) әртістік жүзуден Әлем кубогының екінші кезеңі өтіп жатыр, деп хабарлайды Zakon.kz.

Әлемдік додада Қазақстан құрамасы алғашқы медалін жеңіп алды.

Техникалық бағдарламада Виктор Друзин 226.6050 ұпай жинап, қола жүлдегер атанды.

 

Бірінші орынды 245.4900 ұпаймен Қытай өкілі Го Муе иеленді. Ал Ұлыбритания спортшысы Ранджуо Томблин 238.9359 ұпай жинап, күміс жүлдеге қол жеткізді.

Тағы бір қазақстандық спортшы Эдуард Ким 225.3225 ұпаймен төртінші орын алды.

Тегтер: #Қазақстан, #Франция, #Әлем кубогы, #әртістік жүзу, #Виктор Друзин


Бізге жазылыңыз