Қазақстанның велотрек құрамасы Филиппиннің Тайгатай қаласында өтіп жатқан Азия чемпионатындағы өнерін жалғастырып жатыр, деп хабарлайды Zakon.kz.
Жарыс аясында ұлттық құрама үш медаль еншіледі.
Әйелдер арасындағы жеке қуу жарысында Рината Сұлтанова қола жүлдеге ие болды.
Әлішер Жұмақанов ұпай бойынша топтық жарыста екінші нәтиже көрсетті.
Сондай-ақ Рамис Дінмұхаметов пен Илья Карабутов жүлдегерлер қатарынан көрінді. Спортшылар мэдисон сайысында күміс медаль жеңіп алды.
Тегтер: #Азия чемпионаты, #Қазақстан, #Велотрек, #үш медаль